Өз мәртебеңізді тексер.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі. Осыған байланысты медициналық көмек екі бағыт бойынша көрсетілетін болады: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және медициналық сақтандыру шеңберінде (МӘМС) ТМККК шеңберінде жедел шұғыл көмек,әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу (туберкулез, АИТВ психикалық аурулары), вакцинация көрсетілетін болады. Осы көмек түрін алуға ҚР барлық азаматтары сене алады.

 

МӘМС шеңберінде барлық жоспарлы медициналық, диагностикалық тексерулер, стационар жағдайында жоспарлы емдеу көрсетілетін болады. Бұл көмек түріне тек ҚР сақтандырылған азаматтары ғана сене алады. Сақтандырылмаған азаматтар медициналық көмекті ақылы негізде ала алады.

Осыған байланысты ауданның әрбір тұрғыны өз мәртебесін МӘМС шеңберінде білуі тиіс.

Өз мәртебесін egov электрондық үкімет порталында тексеруге болады. Порталға кіргеннен кейін ЭЦҚ көмегімен (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе бір рет қолданылатын пароль арқылы Жеке Кабинетке кіріп , өз ЖСН –ді еңгізу қажет. Сервистер бұдан әрі қосымша бет. Әлеуметтік мәртебесін тексеру сіздің ЖСН енгізу және сұрау жіберу Сұрау секунд ішінде өңделеді және сіздің мәртебеңіз пайда болады. Егер сіздің мәліметтеріңіз бойынша сіз сақтандырылған болсаңыз,( сіз жұмыс істейсіз мемлекет төлейтін азаматтардың 14 санатына жатасыз, жеке кәсіпкер) сіз өз мәртебеңізді өзгертуге өтінім беруге құқығыңыз бар.
Ол үшін ХҚКО немесе ауылды әкімдікке жүгіну қажет.

Сондай-ақ өз мәртебеңізді Денисов АА тіркеу орнында немесе өзініздің учаскелік медициналық қызметкерлерінде тексеруге болады, Денисов АА тіркеу орнының байланыс телефоны 2-20-75
 


Жарияланды: 26.12.201907:42

Автор: