Жедел медициналық көмек


 

Қандай медициналық көмек халыққа жаппай тегін көрсетіледі?

Мемлекет бұрынғыша халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) аясында базалық медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді:
– Жедел және шұғыл медициналық көмек (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);
– Емханаларда қызмет көрсету( әлеуметтік маңызы бар және созылмалы ауруға шалдыққан адамдарды терапевтің, оның ішінде бейінді мамандардың қабылдауы және кеңес беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);
– Диагностика және емдеу: әлеуметтік мәні бар аурулар (туберкулез, АИТВ, психиканың бұзылуы, қатерлі ісіктер),
негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериалық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т. б.),айналадағыларға қауіпті жіті жұқпалы аурулар.
Сондай-ақ, белгілі бір ауру мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтар тегін дәрі-дәрмек ала алады.
Емхана ТМККК пакеті бойынша медициналық көмек көрсетуден бас тартса, qoldau24/7 мобильді қосымшасы арқылы Қорға хабарласуларыңызды сұраймыз.

 


Жарияланды: 21.08.202013:04

Автор: