Әлеуметтік мәртебесін анықтау
“Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ әлеуметтік мәртебесін тексеру бойынша сервисті модельдеді. Енді әлеуметтік мәртебені өзгерту рәсімін үйден шықпай-ақ жасауға болады.
Бір жыл бұрын Egov kz-те өзінің әлеуметтік мәртебесін тексеру мүмкіндігі пайда болды және қызмет көрсету нәтижесі “Жұмыс істейтін”,”Әлеуметтік төлемдерді алушы”, “18 жасқа дейінгі балалар”, “Өзін-өзі жұмыспен қамтыған (ЖК, ШҚ )” Егер азамат ЖК немесе қызметкердің ретінде тіркелмеген ” Мәртебесі анықталған жоқ” хабарлама шыққан.
Осы мәртебесін өзгерту үшін, азаматтарға ХҚКО жүгінуге жүгінуге керек еді .Енді сервисті жаңартумен бұл рәсімді үйден шықпай-ақ онлайн режимінде жасауға болады.
Жаңа сервис көмегімен ағымдағы әлеуметтік мәртебені және МӘМС жүйесіне ай сайынғы аударымдарды кім жүргізетіні туралы ақпаратты қарап қана қоймай,онлайн режимінде өз бетінше де, “Мәртебесі анықталған жоқ ” Мәртебесін өзгерту” сілтемесін басу арқылы анықталмаған мәртебесін көрсету кезінде өзгерістер енгізуге, сауалнаманы қажетті деректермен толтыруға және мемлекеттік органда өңдеуді күтуге болады. Сервис тегін, ЭЦҚ қол қою талап етіледі, ал қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайды. Қызмет нәтижесі әлеуметтік мәртебесін айқындау бойынша сервис арқылы,сондай-ақ жеке кабинетте тексеруге болатын жаңа мәртебені тіркеу туралы хабарламаны Egov kz-алу болады.
«Денисов АА» КМК